Ақсулық оқушылар әлемдік байқауда топ жарды

Ақсулық оқушылар әлемдік байқауда топ жарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Білімділер додасына әлемнің 9 мемлекетінен 500-ге жуық дарынды оқушы жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Астана қаласында өткен халықаралық «Infomatrix-Asia 2026» инновациялық байқауы білім мен технология тоғысқан беделді алаңға айналды.

Әлемнің 9 мемлекетінен – Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Гонконг, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 500-ге жуық дарынды оқушы 9 бағыт бойынша өз жобаларын қорғап, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.

Осы бәсекеде Ақсу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары Ислам Акрамов пен Бекнұр Нұрғазы бар.

- Олар Filmmaking (Short Movie) секциясы бойынша ІІ орынды иеленіп, халықаралық байқаудың күміс жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар, оқушылар Қазақстанның жоғары оқу орындарының грант иегері атанып, өз болашақтарына нық қадам жасады, - делінген хабарламада.

Жас таланттардың жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Нұржігіт Құрбонов. 

Бұл жеңіс – тек бір мектептің емес, ел болашағының білімге, инновацияға және шығармашылыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі.

Фото: Олыстық білім басқармасынан