Ақтоғай ауданында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Сот отырысында ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Ақтоғай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам сағат 12:00 шамасында Ақтоғай ауылында Абай - Дубовой көшелерінің қиылысында құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып жабдықталған жалған мемлекеттік нөмір тағылған «ВАЗ 2106» маркалы көлік құралын басқарған.
– Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыра отырып, екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, – деді баспасөз қызметінде.
Қаулы заңды күшіне енді.