Екібастұзда сәби саусағын емізіктен шығара алмай қалды

Екібастұзда сәби саусағын емізіктен шығара алмай қалды
Фото:pixabay.com

Анасы құтқарушыларды шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда Екібастұз қаласының тұрғыны құтқару бөлімшесіне көмек сұрау үшін жүгінген.  

– 1,5 жастағы бала саусағына емізіктің пластикалық бөлігін киіп алды. Оның ата-анасы өздігінен емізікті саусақтан шеше алмаған, – деді департаментте.

Құтқарушылар слесарь құралдарының көмегімен саусақтан емізіктің сақина бөлігін балаға зиян келтірмей, тез шығарды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыстық ТЖД құтқарушылары түрлі сипаттағы авариялық-құтқару жұмыстарына 46 рет шықты.