Павлодар облысында мал етін тиісті құжатсыз тасымалдағандар жазаланды
Мұндай бұзушылыққа жыл басынан бері 2000-нан астам тұрғын жол берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мал ұрлығының жолын кесу мақсатында мал басын, ет өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктер тексерілуде.
- Жыл басынан бері 2145 тұрғын мал мен етті тиісті құжаттарсыз тасымалдады. Мысалы, Ефремов ауылының маңындағы Павлодар-Успен автожолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Газель автокөлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі тиісті құжаттарсыз 10 ІҚМ тушасын алып бара жатқан. Одан әрі талқылау үшін жүргізуші мен жүк көлігі полиция бөліміне жеткізілді,- делінген хабарламада.
Сол сияқты, Павлодар-Қызылорда автожолында тоқтатылған Мерседес автомашинасынан да құжаттарсыз тиелген 4 ІҚМ тушасы анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ет өнімдерін тасымалдау кезінде заңнаманы бұзғаны үшін материал жиналып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін ветеринариялық инспекцияға жіберілді.
Облыстық полиция департаменті мал мен етті тасымалдау кезінде тиісті құжаттардың болуы керектігін еске салады.
- Мұнай өнімдерімен ластанған автокөліктерде, шанақтарда, контейнерлерде, сондай-ақ өткір ерекше иісі бар жүкпен бірге ет тасымалдауға жол берілмейді. Тасымалдау және тасымалдау өнімнің сапасын сақтау үшін барлық нормаларды сақтай отырып жүргізілуі керек, - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста жұмыс істеп тұрған 146 мамандандырылған тұраққа 1599 бас иесіз мал қамалып, 69 тұрғын жазаланған.