Аққулы ауданында тұрғын үй отқа оранды

Аққулы ауданында тұрғын үй отқа оранды
Фото: Аққулы ауданы ТЖ бөлімі

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауданы ТЖ бөлімінің мәліметінше,  өткен тәулікте № 18 өрт сөндіру бекетінің 101 пультіне Тақыр ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

– Тілсіз жау  өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін ерікті өрт сөндіру құралымдарының және Тақыр ауылының тұрғындарының күшімен сөндірілді, – дейді бөлімде. 

Жеке тұрған төрт бөлмелі ағаш тұрғын үйде жалпы ауданы 16 шаршы метр үйдің шатыры мен ас үй жабынының ағаш конструкциялары жанған.