Жыныма тиді:Павлодарда әйел өз құрбысының жігітін пышақтап тастаған
Қазір ол жасаған қылмысы үшін жазасын өтеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлайды. 2021 жылы мамыр айында әйел адамға құрбысы мен оның жігіті қонаққа келген еді. Әңгіме барысында олар ішімдік ішкен.
– Оның танысы оңға-солға жүрген жалқау адам. Ол құрбымның ақшасына өмір сүрген. Бүкіл киімдерді оған алып беретін. Бұл жағдай мені ашуландырған, өйткені менің досым осыған лайық емес еді, – деп түсіндірді Олеся ( аты өзгертілген).
Құрбысының танысы мен Олеся сөзге келісіп қалып, араларында жанжал шығады. Төбелес нәтижесінде ол пышақ алып құрбысының жігітіне пышақ сұқты.
– Мен жан күйзеліс жағдайында болдым. Әрине ішімдік те өзінің салдарын берді.Кінәмді мойындадым, – деп есіне түсіреді Олеся.
37 жастағы әйелді ҚР ҚК 106-баптың 1-бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) төрт жылға бас бостандығынан айырды. Қазір ол Павлодар қаласының пробация қызметінің есебінде тұр.
– Сотталушымен тұрақты әңгімелесу жүргізіледі. Сондай-ақ, инспектор тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырады. Есепке қойылғаннан бері онымен психолог жұмыс істейді, – дейді Павлодар қаласының пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.
Әйел ресми түрде жұмысқа орналасқан. Жәбірленушіге моральдік шығынды төледі.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті