Баянауыл ұлттық паркінде қарағай бүрлерін өңдеу аяқталды

Жұмыстардың нәтижесінде 20 келіден артық тұқым алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тәлімбағында үш орманшылықтың инспекторлары жинаған 2662 келі қарағай бүрі өңделді.
– Нәтижесінде 27 келі тұқым алынып, көктемгі егуге дайындалды. Өткен жылы қарағай көшеттерінің жерсіну деңгейі 87%-ға жеткен, бұл орманды қалпына келтіру жұмыстарының тиімділігін көрсетеді, – деді парк директоры Аждар Жүсіпов.
Көктемгі тұқым себу Баянауыл табиғатының бірегей экожүйесін сақтауда маңызды қадам болмақ.
Фотосуретті Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіпов ұсынды