Аққулы ауданындағы ауылдың бірінде оқушылар жазда хоккей ойнай алады
Жаңа хоккей кортында жасанды жабынды бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жамбыл орта мектебінің директоры Қанат Сұлтанғазиннің айтуынша, мекемені және оның маңындағы аумақты қалпына келтіру жобасы бойынша тек қысқы хоккей корты ғана салынған. Бірақ содан кейін ол әмбебап алаңға айналған.
– Жабынды алып тастау мүмкін емес, өйткені оның өз дренажы бар. Жауған қарды таптап, үстіне мұз айдыны құйылады. Көктемде су еріп, жабындыдан өтеді, – дейді Қанат Сұлтанғазин.
Сондай-ақ мекемеде спорт алаңы, шағын футбол алаңы абаттандырылып, жоғары сынып оқушыларына алғашқы әскери дайындық сабақтарына қажетті құрал-жабдықтар қойылды.
1968 жылы салынған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына келсек, ғимаратқа жаңа едендер, терезелер мен есіктер қойылған. Жоба бойынша электр кабелі, ванна бөлмелері, жылыту батареялары ауыстырылды. Еденге плитка төселген. Спорт залында, мәжіліс залында, асханада өзгерістер байқалады. Сонымен қатар мектепке жеке Wi-Fi қойылған.
Фото: Константин Шелков