«Бір шаңырақ астында» фестивалі павлодарлықтарды қуантуды жалғастыруда

«Бір шаңырақ астында» фестивалі павлодарлықтарды қуантуды жалғастыруда
Фото: Рустэм Ануарбеков

«Достық үйінде» қонақтарды облыстық «Полония» поляктар қоғамы қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бірлестік, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты, биыл өзінің отыз жылдығын атап өтуде.

Мерекеде биылғы жылдың ең жарқын оқиғалары еске алынды, олардың ішінде Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендтің Павлодарға сапары, «Летят над степью звуки полонеза» атты тарихи бал, «Сырэны» вокалдық ансамблінің Риддер қаласындағы «Медовый спас» фестиваліндегі бірінші орын алу сәті бар.

– Риддерге еліміздің басқа да Достық үйлерінен түрлі этностардың өкілдері келді, – деді «Полония» төрағасы Ольга Деркульская. – Олар өздерінің мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Біз үш ән орындадық және диплом мен құнды сыйлық алып, бірінші орынға ие болдық.

Биылғы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы «Полонияның» барлық мүшелері арасында поляк тіліндегі оқырмандар байқауы болды. Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері де өз таланттарымен жарқырай алды. Кіші жас санатындағы «Поэзия дауысының» жеңімпазы Дмитрий Шилов конкурстық шығарманы оқыды.

«Полония»-ның шығармашылық ұжымдары да мерейтойларын атап өтуде –«Нарцыз» жастар вокалдық-хореографиялық ансамбліне 15 жыл және «Сырэны» әйелдер вокалдық ансамбліне 20 жыл. Осы уақыт ішінде басшылар, қатысушылар, репертуар өзгерді, бірақ әнге, тату ұжымға деген сүйіспеншілік пен адалдық сақталды.

– Поляк этномәдени бірлестігі – ҚХА-дағы ең белсенді бірлестіктердің бірі, – деді Қазақстан халқы өңірлік Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Рамиль Смайылов. – «Полонияның» өзінің жастар қанаты, ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі бар. Бұл керемет. Қазақтың алтын шаңырағының астында әр түрлі этностардың әндері шырқала берсін.

Өңірде тұратын этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі Павлодарда жыл сайын өткізіледі.