Екібастұз ГРЭС-1 станциясында төрт энергоблок бірден тоқтады
Аталған фактіге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Энергетика минситрлігінің мәліметінше, 28 маусымда сағат 5.24-те Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де технологиялық бұзушылық орын алған. Салдарынан №2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды.
– Станция генерацияны 2080 МВт-тан 320 МВт-қа дейін төмендетті. Қазіргі уақытта №2, 4, 8 энергия блоктары жұмыс істеп тұр. Станцияның генерациясы 971 МВт құрайды. Қалған блоктарды қосу бойынша іске қосу операциялары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.
Атом, энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті технологиялық бұзушылықтарды тергеуді бастады.