Бүгін Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады
4 ақпанда желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -10...-15°C, облыстың солтүстігінде -21°C дейін төмендейді. Батыс пен солтүстікте қар жауады, облыс орталығының аспанын тұман басады. Күндіз 0...-5°C. Облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда түнде -12...-14°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Күндіз -2...-4°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.