Басынан ұрған: Шарбақты ауданында зейнеткерді тонап кетті
Қария көршілері арқылы полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауылында екі ауыл тұрғыны 20 сәуірде сағат 10.30-да есіктердің ашық жатқанын пайдаланып, Жеңіс көшесіндегі 63 жастағы зейнеткердің пәтеріне кірген.
– Олар үй қожайынының басынан ұрып, 22 мың теңге сомасында ақша қаражатын, ұялы телефонын ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы – «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді департаментте.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. 51 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, 28 жастағы ауыл тұрғынына қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы - «келу туралы міндеттеме» таңдалды.
Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленді. Тергеу жалғасуда.