Баянауыл ауданы бойынша жарық желілері ішінара қосылуда

Екібастұз қаласынан Баянауыл ауданына бағытталған ПРЭК 110кв электр желісінің 5 бағаны құлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
19 маусым күні қатты желдің салдарынан Екібастұз қаласынан Баянауыл ауданына бағытталған ПРЭК 110кв электр желісінің 5 бағаны құлап, 38 елдімекенде жарық сөнді. 24700 абонент жарықтың сөнуі салдарынан су құбыры тоқтады.
– Баянауыл ауданы бойынша төбе жабындысы ұшқан бірнеше факт тіркелді, – деп аудан əкімдігінің ресми Instagram парақшасында жаряланды.
Комиссия құрылып, орнына келтіру бойынша жұмыстар барысында қазіргі уақытта резервтік электр желісін қосу жұмыстары жүргізілді.
Елдімекендер кезең бойынша жарық желісіне қосылуда. Үшқұлын ауылында электр желілері қалыпқа келтіріліп, жарық қосылды.
Баянауыл ауданы бойынша жарық желілері ішінара қосылуда. Электр желісін толық іске қосу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімшілігі туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды сабырлыққа шақырды.