Баянауыл ауданында ауыл әкімінің сайлауына төрт үміткер іріктелді

Баянауыл ауданында ауыл әкімінің сайлауына төрт үміткер іріктелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

1 маусымда Қаратомар ауыл әкіміне кім сайланатыны белгілі болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қаратомар ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындыларымен бөлісті. Үміткерлердің арасында жалғыз әйел бар. 54 жастағы Қорлан Смағұлова Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істейді. 

Сондай-ақ, Қаратомар аулының тұрғыны, Жайма ЖОББМ география пәнінің мұғалімі 32 жастағы Айдос Дәулет және қарағандылық 55 жастағы Ахмет Құлжанов Қаратомар аулының әкіміне үміткер болып тіркелді. Соңғысы «ДОР Монтаж-17» ЖШС-ның техникалық оқу бөлімінің директоры лауазымын атқарады. 

Төртінші үміткер Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының 30 жастағы қызметкері – Бекзат Мұқантай. Ол аудан орталығында тұрады. Төртеуі де өзін-өзі ұсыну тәртбімен ұсынылды. 

Еске сала кетейік, биыл Ақтоғай, Ертіс, Павлодар, Шарбақты, Успен және Тереңкөл аудандарының тұрғындары ауыл әкімдерін таңдап алды.