Баянауыл ауданында айтыскерлер республикалық сайыстың нүктесін қояды

Баянауыл ауданында айтыскерлер республикалық сайыстың нүктесін қояды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараның соңы концертпен аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 16-17 тамыз күндері ауданда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қазақ ғылымының атасы» атты республикалық айтыс жоспарлануда.

Республикалық ақындар айтысында өңір намысын Аспанбек Шұғатаев, Рауан Қайдаров, Нұрқанат Қайрат қорғайды. Жалпы 12 ақын қатысады. 

«Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын – Асығат Тұрғанбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Құрмет» орденінің иегері – Жарқынбек Амантай, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, қазылар алқасының төрағасы – Жүрсін Ерман қатысушыларға қазылық етеді.

17 тамыз күні сағат 11:30-да «Қазақ ғылымының атасы» республикалық айтысының мәре айтысы өткізілетін болады. 

Еске сала кетейік, іс-шарадан кейін арнайы шақырылған эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Концертте белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков және эстрада саңлағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Сейдуалиева, Еркін Нұржанов пен Ернар Айдар өнер көрсетеді.