Баянауылда демалыс үйінде баланың құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, баланың заңды өкіліне қатысты іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Баянауыл ауданындағы демалыс үйінің екінші қабатындағы терезеден баланың құлау фактісі бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
– Қыз бала орындықтың көмегімен көтеріліп, терезенің москит торына сүйенген. Сол сәтте бөлмеде анасы тазалық жұмыстарымен айналысып жүрген. Қыз бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.
Ведомствода ашық терезесі немесе балконы бар бөлмеде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау жайлы қатаң түрде ескертеді.
Еске сала кетейік, 2 маусым күні Павлодар қаласында 2019 жылы туған бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті. Өкінішке орай, сәби алған жарақаттардан көз жұмды.