Баянауылда оқушылар таза ауада батырлар жырын оқыды

Баянауылда оқушылар таза ауада батырлар жырын оқыды

Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің «Еркетай» жазғы сауықтыру лагерінде «Табиғат аясында кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

«Оқуға құштар» жобасын іске асыру  шеңберінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. 

– Қазір жаз мезгілі. Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру әрі олардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету үшін түрлі іс-шаралар өткізудеміз. Балалар табиғат аясында қызықты әңгімелер мен ертегілерді оқып, өзара пікір алмасты, – деді Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Ахметова.

Оның ішінде «Зарлық пен Мұңлық», «Батырлар жыры»,  «Қазақ фольклоры», «Балаларға арналған базарлық», «Алдар көсе», «Бес ғасыр жырлайды» туындылары мен «Балдырған» журналы бар. 

Іс-шара соңында әр оқушы өзі оқыған әңгіменің кейіпкерлерінің  суреттерін  ақ қағазға салды.