Баянауылда жұмысшы мамандардың құрал-жабдықтары көрмеге қойылды

Баянауылда жұмысшы мамандардың құрал-жабдықтары көрмеге қойылды
Суретті Гауһар Балабаева ұсынды

«Еңбек ептілікті сүйеді» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz тілшісі.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде құрылысшы, дәнекерлеуші, тігінші, шаштараз жұмысшы мамандарының арнайы жұмыс киімдері мен құрал-жабдықтары көрмеде көрсетілді.

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға бағытталған.

–    Көрмеге жұмыс уақытында киетін киімдері, құрал-жабдықтары барлығы 51 зат қойылды, – дейді музейдің әдіскері Гауһар Балабаева.

Музей қызметкерлері Баянауыл көпсалалы колледж басшылығына жүгініп, оқу орнында оқытылып жатқан жұмысшы мамандықтардың қажетті құралдарын алып, тақырыптық көрме жасақтаған.

Көрмені облыстық маслихат депутаттары мен «AMANAT» партиясының төрағалары тамашалады.