Биыл Екібастұзда 50 балалар ойын алаңы орнатылды

Биыл Екібастұзда 50 балалар ойын алаңы орнатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеншілер қаласының әкімі Аян Бейсекин жұмыс аяқталған аулалардың бір бөлігін аралады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен 50 балалар ойын алаңы, 20 футбол алаңы, алты көше воркауты және бес стритбол алаңы орнатылады, 10 хоккей корты жаңартылады.

Мәселен, Әуезов 21/1 мекенжайы бойынша футбол алаңы пайда болды. Жуырда жазғы уақытта роллердром ретінде қызмет ететін хоккей кортын жаңарту басталады. 

– Балаларымыздың тілектерін ескеріп, бос аумақтарда болашақта басқа ойындарға арналған алаңдардың жабдықтарын қарастырамыз. Сонымен қатар ТҮКШ бөліміне аула сахнасын ретке келтіруді тапсырдым, – деді Аян Бейсекин Іnstagram әлеуметтік желісінде. 

Сонымен қатар, қала әкімі Б. Момышұлы көшесі, 38 мекенжайындағы ауладағы жаңа ойын алаңының сапасын тексерді. Бұл жерде жұмыстар 90% орындалған. Мердігер ұйымға жетіспейтін элементтерді, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатуды қысқа мерзімде аяқтауды жүктеді. 

М. Әуезов көшесі, 167 мекенжайындағы аулада жаңа футбол алаңы орнатылған. Жалпы, жұмыстар сапалы орындалған.

Айта кетерлігі, барлық футбол алаңында әдеттегі тізбекті тордан айтарлықтай ерекше жаңа қоршау орнатылады.