Павлодарлық тапқыр жастарды интеллектуалды ойынға шақырады
Аталмыш іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жастар рухы» ЖҚ ұйымы Республика күніне орай ұйымдар және жоғарғы мектептер арасында ең мықты және тапқыр студенттер бас қосатын «Ruhty Quiz Cup» зияткерлік ойынын өткізеді.
«Ruhty Quiz Cup» зияткерлік ойыны төрт кезеңнен тұрады: сұрақ-жауап, киноны тап, құпия кезең және қара жәшік.
Жарыс Әлкей Марғұлан Павлодар педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратының 100-кабинетінде сағат 19:00-де өткізіледі. Қатысушылар үшін дресс код - қазақша киім.
Интеллектуалды ойында ерекше атмосфера күтіледі.
Айта кетейік, ойынға тіркелу 23 қазан күні сағат 23:59-ға дейін жалғаспақ.
Толық ақпаратты +7 702-257-50-20 нөмірі арқылы білуге болады.