Биыл Павлодар облысында 56,6 млн тонна көмір өндірілді

Биыл Павлодар облысында 56,6 млн тонна көмір өндірілді
Фото: Константин Шелков

Бұл – былтырғыдан 1% артық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше,  2023 жылдың қаңтар–қазан аралығында елімізде қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда былтырғыдан 1,5% аз, яғни 95,3 млн тонна тас көмір өндірілді. Өндірілген тас көмірдің өзі – 88,3 млн тонна. Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 4 млн тоннаны, көмір концентраты өндірісі 3 млн тоннаны құрады.

Республикадағы көмір өндірудің 91,5%-ы негізгі тау-кен өндіруші аймақтар Павлодар және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. Павлодар облысында 56,6 млн тонна көмір (былтырғыдан 1% артық), Қарағанды облысында 30,6 млн тонна көмір (бір жылда 2,5% азайған) өндірілді.

Толық 2022 жылы елде 117,8 млн тонна көмір өндірілді, бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 1,4% артық.

ҚР ішкі нарығында биыл қарашаның қорытындысы бойынша көмір бір жылда 10,8% қымбаттады.  Өңірлер бойынша ең көп жылдық баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді: 23,6%. Сонымен қатар, көмір бағасының қымбаттауы Қызылорда (16%) және Ақтөбе (14,7%) облыстарында да жоғары болды.

Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында байқалды: бар болғаны 2,6%. Еліміздің екі өңірде — Астанада және Жамбыл облысында көмір арзандады: тиісінше 1,4% және 3,1%.