Биыл Павлодарда тағы тоғыз лифтіні ауыстыру жоспарлануда

Биыл Павлодарда тағы тоғыз лифтіні ауыстыру жоспарлануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар арнайы бағдарлама бойынша жаңа лифтілерді орнатуға өтініш бере алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатқан үйлерде болды.

– Академик Бектұров көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан үйде бірнеше жылдан бері жылу және суға қатысты мәселелер болды. Биыл пәтер иелері тұжырымдама аясында суық және ыстық су желілерін, кәріз желісін, кіреберістерді, шатырды, жылу торабын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарды, – дейді Хасар Хабылбеков.

Сондай-ақ аталған бағдарлама бойынша тұрғындар жаңа лифтілерді орнатуға өтініш бере алады.

Бүгінгі таңда Н.Назарбаев даңғылы, 52 мекенжайы бойынша орналасқан үйде жаңа екі лифт және Ак. Шөкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша үйде жаңа екі лифт орнатылуда. Ескірген лифт жабдықтары мен кабиналары заманауи, яғни сенімдірек құрылғыларға ауыстырылуда.

Биыл тағы тоғыз лифтіні ауыстыру жоспарлануда.