Павлодарлықтарды қылмыскерді әшкерелеу тегін әдістеріне үйретеді
Тұрғындар балалар қауіпсіздігі бойынша тегін шеберлік сағатына қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының жастар орталығында 9 қыркүйекте сағат 16:30-да «Қауіпті бейтаныс адам» тақырыбындағы шеберлік сабақ өтеді. Шараны балалар қауіпсіздігі бойынша арнайы жаттықтырушы Динара Әбенова өткізеді.
– Шеберлік сабақта қылмыскер болуы мүмкін адамды тануға көмек көрсетіліп, балалардың көңілін аулағанда қолданылатын әдістер талқыланады. Моралдық және физикалық тұрғыдан қарсы тұруға үйретеміз. Төтенше жағдайда қауіп төнгенде бейтаныс адамнан қалай көмек сұрау керектігі айтылады, – деп жазылған хабарламада.
Тегін шеберлік сағатына +7 (702) 873-35-96 нөмірі бойынша тіркелу қажет.