Павлодарлық айтыскердің жаңа кітабы жарық көреді
Кітаптың тұсаукесеріне републикаға танымал жұлдыздар қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естай атындағы мәдениет сарайында 19 ақпан күні сағат 19:00-де айтыскер, ақын, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаевтың «Баян. Мен. Таулар» кітабының тұсауы кесіледі.
Аталмыш кешке республикаға танымал жұлдыздар Тоқтар Серік пен Еркін Нұржан, айтыскер Дидар Қами келеді.
Бұл кітаптың ерекшелігі – суреттер. Кітап жаңа форматта, заманауи стильде жасалып шықты. Кітаптағы жазылған тұлғалардың өмірі ақынның өлеңімен бейнеленген. Кітапта 150-ге жуық тұлғаға арналған 150 өлең жазылған.