Депутаттар Екібастұз қаласындағы өндірістік нысандарды аралады
Сенат пен Мәжіліс депутаттарының Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Марат Қожаев пен Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.

Кеншілер мен энергетиктер қаласына сапар барысында сенатор Марат Қожаев пен мәжілісмен Жарқынбек Амантай «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС, «KAZFERRO LIMITED» ЖК және «Railways Systems KZ» ЖШС-де болды. Депутаттар өндірістік үдеріспен және кәсіпорындарды дамыту жоспарларымен танысты.

Бірнеше күн бұрын облыс әкімі Асайын Байханов депутаттармен кездесті. Өңір басшысы депутаттарға өңірдің бірқатар басым жобаларын, оның ішінде жылумен жабдықтау және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды республикалық деңгейде қолдау туралы өтінішпен жүгінді.