Достық марафоны: Павлодарда жүздеген адам жүгіру эстафетасына қатысты

Достық марафоны: Павлодарда жүздеген адам жүгіру эстафетасына қатысты

Облыстың барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері стартқа шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Усолка шағын ауданындағы жарысқа қатысушылар екі жас санатына бөлінді – 18 жасқа дейін және одан жоғары. Олар 500 метр қашықтықта жүгірді. Тұрғындар қатысу мақсатымен эстафетада басын қосты. Үш жүзге жуық адам жарысқа шықты.

Этномәдени бірлестіктерді қолдауға №1 БЖСМ спортшылары да келді.

– Мерекеге орай біз спорт мектебінде жұмыс істейтін этностар өкілдерінің – қазақтардың, тәжіктердің, белорустардың, украиндардың, орыстардың бас киімдерін киіп шықтық, – деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Диана Шәкенева. – Біз бәріміз бір үлкен және тату отбасымыз.

Облыстық татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Эльдар Захаровтың айтуынша, жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күніне орай достық жарысына этномәдени бірлестіктер, «Достық үйінің» әртүрлі құрылымдары, студенттер, оқушылар, кәсіби спортшылар мен жүгіруді сүйетіндер қатысады.


Славян этномәдени орталығының әр түрлі жастағы жиырма өкілі спорттық мерекеден тыс қалмады. Олар оны теледидарда емес, ашық ауада пікірлес адамдармен қарсы алуды жөн көрді.

Осы іс-шараның арқасында болашақ логопед-дефектолог, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі, Марғұлан университетінің студенті Наргиз Насретдинова басқа этностардың жастарымен танысты. Шешен-ингуш мәдени бірлестігінен келген 17 жастағы Тамерлан Манзиев да қашықтықты еңсеруге шешім қабылдады.

«Достық үйіне» экскурсияға барғаннан кейін мен осында қалдым. Ассамблея менің екінші үйім, ал Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз, – деді Тамерлан Манзиев.

Жігіт №24 орта мектептің 11-сыныбында оқиды және хирург болуды армандайды.


Ассамблея жастарымен бірге Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің корей тілі мұғалімі Арайлым Қайролла да марафонға қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Қоғамдық Келісім (@assembly_pavlodar)