Павлодарда отқа оранған үйден бала құтқарылды

Павлодарда отқа оранған үйден бала құтқарылды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Өрт сөндірушілер жеке меншік үйден бір газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:16-да Астана көшесіндегі үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар, апаттар медицина орталығы жедел түрде жіберілді. Көршілер жанған үйден қызды эвакуациялады.

–    Жеке меншік үй аумағында 30 шаршы метр алаңында от жағу бөлмесінде ағаш құрылымдары, шаруа заттары жанғаны анықталды.  Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді,– деді департаментте.

Өрт сөндіру барысында 27 литрлік бір газ баллоны шығарылды.

Өрт сағат 12:38-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.