Екібастұз ауылдық аймағында бос тұрған үй жанды

Екібастұз ауылдық аймағында бос тұрған үй жанды

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 07.37-де 101 желісіне Бәйет ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

–  Оқиға орнына келген кезде Батыр аналар көшесі, 14 мекенжайында жеке тұрған  кірпіш үйдің  шифермен жабылған ағаш шатыры жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі 160 шаршы метрді құрады, – дейді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 08:56-да оқшауланып, сағат 09:05-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге екі техника мен 10 қызметкер жұмылдырылды.

Өрт шыққан үй иесіз, бос тұрған.