Павлодарда есірткі тығып жатқан жастар камераға түсіп қалды
Олардың бірі қашып кетпекші болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи технологиялардың көмегімен ЖБО қызметкері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңында күдікті әрекет жасап жатқан жастарды анықтады. Олардың әрекеті күдік тудырып, оқиға орнына жақын маңдағы автопатруль жіберілді.
– Полицияны көрген кезде ер адам қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды. Келген тәртіп сақшылары жастардан жеке лентаға оралған 10 байлам тауып, тәркіледі. Кейін сараптама нәтижесінде олардың құрамында салмағы 44 граммнан асатын наша бар екені анықталды, – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Күдіктілерге қатысты есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
– Бұл жағдай қылмысқа қарсы күресте заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын және құқық қорғау органдарының үйлесімді іс-қимылының жоғары тиімділігін көрсетеді. Ұстау полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен бейнебақылауды тиімді пайдалануының арқасында мүмкін болды. Бұл күдіктілердің жеке басын тез әрі дәл анықтауға жол ашты, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері азаматтарды қырағылық танытуға және күдікті әрекеттер туралы 102 нөміріне хабарлауға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram