Екібастұз этно лагерінде балаларға бауырсақ пісіруден шеберлік сағаты өтті

Екібастұз этно лагерінде балаларға бауырсақ пісіруден шеберлік сағаты өтті
Фото: автор

Аталған шара балаларға ұмытылмас әсер сыйлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Мұра» этно лагерінде тағы бір тағылымды, ұлттық ұндылықтарға толы ерекше күн өтті. Қыз балаларға ұлттық тағам — бауырсақ пісіру бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. 

Қамыр илеп, майға бауырсақты қызарта пісірген қыздардың жүзінен қызығушылық пен мақтаныш сезімі байқалды, – дейді Екібастұз қаласының 7 мектеп гимназиясында. 

Ал ер балалар қазақтың көнеден келе жатқан асханалық мұрасы — самауырдың қыр-сырын меңгеруге тырысты. Олар самауырды қалай құру керектігін, су құю мен от жағу тәртібін үйренді. Бұл үдеріс балалардың қызығушылығын тудырып, бір-біріне көмектесу арқылы ұжымдық жұмыс жасауға баулыды. Осылайша, олар ұлттық мұраға тағы бір қадам жақындады.

Күн соңында барлығы қазақы нақышта безендірілген киіз үй маңына жиналып, ыстық самауырдан құйылған шай мен өз қолдарымен пісірген бауырсақтан дәм татты.