Екібастұзда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонды шығарды

Екібастұзда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонды шығарды
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Үйдің шатыры мен ағаш құрылымдары өртенді, өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамыз күні сағат 15:59-да Екібастұз қаласында орналасқан жеке үйдің жануы орын алды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер кірпіштен тұрғызылған 4 бөлмелі үйдің шатыры мен ағаш құрылымдары шамамен 20 шаршы метр жанып жатқандығын анықтады.

Сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 27 литрлік 2 газ баллонды өрттен шығарды. ТЖД күштерімен өрт сағат 16:36 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

ТЖД облыс тұрғындарынан төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.