Екібастұзда ағашқа мінген қыз түсе алмай қалды

Екібастұзда  ағашқа мінген қыз түсе алмай қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына жедел түрде кезекші құтқарушылар тобы жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, құтқару бөліміне бір қыз ағаштан түсе алмай жатқаны туралы хабарлаған. Ол шамамен үшінші қабаттың биіктігіндей жерде тұрып қалғанын айтып, өздігінен түсе алмайтынын жеткізген. 

Құтқарушылар жағдайды бағалап, жылжымалы сатымен ағашқа көтерілді. Олардың бірі қызға жақындап, сабырға келуіне көмектесіп, оны жерге қауіпсіз түсіріп алды, – дейді басқармада. 

Қыз ешқандай жарақат алған жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, кез келген төтенше жағдайда 112 нөміріне тегін қоңырау шалуға болатынын атап өтті.