Екібастұзда акробатикадан әлем чемпионаты өтуде

Кеншілер қаласында чемпионат соңғы рет 12 жыл бұрын ұйымдастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27-29 наурыз аралығында Екібастұз қаласында спорттық акробатикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Соңғы рет әлем чемпионаты Екібастұзда 2013 жылы өткен.
Қазіргі уақытта Қазақстанның үздік спортшылары – әлем чемпиондары мен әлем жүлдегерлері, әлем кубогының чемпиондары мен әлемдік ойындар мен Азия чемпионатының жүлдегерлері қатысуда. 75 қатысушы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан – Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Алматыдан келген. Павлодардан 32 қатысушы, ал Екібастұздан сегіз спортшы бақ сынайды.
Байқауға 12 жастан асқан ересек акробаттар қатысады, ең үлкен спортшы 28 жаста.
Қазылар алқасы акробатикалық жаттығуларды тепе-теңдік, динамика және комбинация сияқты үш белгі бойынша бағалайды.
Жеңімпаздар Туризм және спорт министрлігінің медальдарымен мен дипломдарымен марапатталады.