Павлодарлықтар тегін онко консультацияға шақырылады

Павлодарлықтар тегін онко консультацияға шақырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция төрт сағатқа созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

29 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін адам папиллома вирусы туралы хабардар етудің халықаралық күніне, колоректальды қатерлі ісік пен жатыр мойны обыры туралы хабардар ету айлығына арналған Ашық есік күні өтеді.

Павлодарлықтар онколог дәрігердің қабылдауына келіп, жазылусыз тегін консультация ала алады. Өзіңізбен тек жеке куәлігіңізді алып келу қажет.  

Онкологиялық диспансер Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3 корпус, А блогы мекенжайда орналасқан. Қосымша ақпаратты 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98 нөмерлері бойынша алуға болады.