Павлодарда қыздар арасында волейболдан жарыс өтті

Павлодарда қыздар арасында волейболдан жарыс өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2010-2011 жылы туғандардың арасында облыс чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыста облыс аудандары мен қалаларындағы спорт мектептерінен 20 команда өнер көрсетті.

Волейбол аламанының қорытындысында №2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірттері чемпион атанды, екінші орынды Ақсу қаласының БЖСМ оқушылары иеленсе, қола жүлде Шарбақты ауданынан келген жас спортшылар еншісінде.