Екібастұзда бірқатар лифтілердің тоқтап қалмауы үшін шатырларды жөндеу керек
Мұндай үйлердің саны – он алты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, қаланың тұрғын үйлері лифті қорында 329 жолаушы лифті бар, оның 171-і бойынша ағымдағы жылы нормативтік қызмет мерзімі аяқталды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әрбір лифт пайдалану мерзіміне қарамастан, жыл сайынғы техникалық куәландырудан өтуі тиіс.
– Егер лифт 25 жыл қызмет еткен болса, лифттің қауіпсіз қызмет ету мерзімін анықтау үшін өнеркәсіптік сараптама жүргізу қажет, – дейді бөлімде.
16 үйде лифтілердің мезгіл-мезгіл тоқтап қалуына жол бермеу және жаңбыр мен қолайсыз ауа райына байланысты машинаның негізгі жабдығының істен шығуын болдырмау үшін Абай көшесі, 72, Беркімбаев көшесі, 95/1, 86, М.Жүсіп көшесі, 80, 83 мекенжайлары бойынша тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу қажет.
Басқару органдары мен тұрғындарға жолаушылар лифтілерін ұстау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға кеңес беріледі.