Екібастұзда бір ай бұрын жоғалған адам іздестірілуде

Екібастұзда бір ай бұрын жоғалған адам іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұбайы полицияға өтінішпен 21 сәуірде жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 64 жастағы Екібастұз тұрғыны Шахриддин Баймурадовтың орналасқан жерін анықтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауда. 

Өтініш 21 сәуірде жоғалып кеткен адамның жұбайынан келіп түсті. Оның айтуынша, 18 сәуірде Екібастұз қаласының Марденов көшесі, 19-үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз. 

Жоғалған адамның белгілері: 64 жастағы ер адамның бойы - 165-170 сантиметр, шашы ақ, көздері қоңыр. Көк күртеше, қара шалбар, қара кроссовкимен шығып, жоғалған. 

– Өтініш түскеннен кейін бірден белсенді іздеулер басталды. Барлық полиция бөлімшелеріне іздестіру үшін бағдарлар жіберілген. Қосымша күштер тартылған. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар зерделенеді, қараусыз қалған ғимараттар мен пайдаланылмайтын құрылыстарды, саяжай алабын, су айдындарын және тағы басқа жерлерге аралау жүргізіледі, – деді облыстық полиция департаментінде.

Полиция басқармасының жеке құрамымен бірге іздеуге ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, қала тұрғындары қатысады. Иттер мен арнайы техника жұмылдырылды.

Егер сіз Баймурадов Шахриддин Тухтаевичтің  орналасқан жері туралы кандай да ақпарат білсеңіз немесе оның орналасқан жерін іздеуге көмектесетін кез-келген ақпаратқа ие болсаңыз, «102» телефоны немесе келесі нөмірлері бойынша хабарлаңыз: 8 (7187) 75-06-06, 87786696699, 87762694128.