«Айқын нәтиже»: Павлодарда профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Ол кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды көзейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Айқын нәтиже» жобасын іске асыруда.
- Жоба аясында құқық бұзушылықтардың, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ойын-сауық орындары мен өзге де қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, қолайсыз және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында олардың тұрғылықты жерлеріне бару ұйымдастырылуда, - делінген хабарламада.
Аталған жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық форматта жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты өңірде профилактикалық жұмысты күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу.