Екібастұзда депозиттен ақша ала алмаған ер адам тамырын кескен
Банк қызметкерлері шоттағы ақшасын алуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының тұрғыны полицияға қарама-қарсы орналасқан белгілі банк бөлімшелерінің біріне барып, өзінің депозиттік шотынан төрт миллион теңге алмақ болған. Бірақ банк қызметкерлері жеке сот орындаушыларының оның шоттарынан ақша алуға тыйым салғаны себепті депозиттен ақша алуға рұқсат бермеген.
Ер адамның айтуынша, ол менеджерлермен сөйлесіп, ешқандай ымыраға келмеген. Банк қызметкерлері жедел әрекет ету тобын шақыру үшін қызметкерлер бөлмесіне барған. Полицейлер келіп, оны күшпен банк бөлімшесінен шығаруға тырысқан.
Ер адамның айтуынша, оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген. Тамырларын кескеннен оны қалалық ауруханаға жіберген.
Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатынын хабарлады.