Екібастұзда ерекше бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Екібастұзда бұрын істі болғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған ерекше жәрмеңке өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны Екібастұз қаласының пробация қызметі «Антарес А» қоғамдық қорымен және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бірлесіп ұйымдастыруда.
- Жәрмеңке аясында бұрын сотталған азаматтарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді көздедік. Сонымен қатар, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етуге және құқық бұзушылықтың қайталану қаупін төмендетуді мақсат еткен жоба болды, - делінген хабарламада.
Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өзекті бос жұмыс орындарымен және еңбек шарттарымен танысуға мүмкіндік алды. Мамандар ресми түрде жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу бойынша кеңес берді.
Осындай іс-шараларды өткізу жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және жоба қатысушыларының дербес өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.