Екібастұзда күйік шалған баланың жағдайы анықталды

Екібастұзда күйік шалған баланың жағдайы анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеше ол балалар травматология бөліміне ауыстырылған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, 2014 жылғы бала 8 желтоқсанда сағат 12.45-те аумағы 20 пайыз бірінші, екінші және үшінші деңгейдегі термиялық күйік диагнозымен түскен. 

Ол далада футбол ойнап жүрген кезде жарақат алған. Бүгінгі таңда баланың жағдайы күйіктен шок алуы салдарынан ауыр деп бағаланады. Жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сол жерде үш күн бойы қарқынды ем алды, – деді  Светлана Подзорова.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде 8 желтоқсанда М. Жүсіп көшесі, 109 мекенжайында ер баланы күйік шалғаны туралы хабарлама жарияланды. Ұл бала далада ойнаған кезде доп су атқылап, жарылған құбырдың астына  кіріп кеткен.  8 желтоқсанда қала тұрғыны сағат 11:13-те диспетчерлік қызметіне жүгінгеннен кейін мамандар оқиға орнына ақауды анықтау үшін шыққан. Жылу желісі «Марунич» ЖК тиесілі екені анықталды. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәсіпорын қызметкерлері зақымдануды өз күштерімен жойды.