Екібастұзда көзі көрмей қалған жол жөндеуші Жоғарғы сот арқылы өтемақыға қол жеткізді

Екібастұзда көзі көрмей қалған жол жөндеуші Жоғарғы сот арқылы өтемақыға қол жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Компания моральдік шығынның мөлшерін азайтқысы келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласының тұрғыны «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек шарты бойынша жол жөндеуші болып жұмыс істеген. 2012 жылдың көктемінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғаға ұшыраған: рельсті кесу кезінде пайда болған металл оның көзіне кіріп кетіп, салдарынан ол көрмей қалған.

Тергеу жұмыс берушінің 100 пайыздық кінәсін және қызметкердің толық кінәсіздігін анықтады. 

Ер адамға қайта тексеру мерзімінсіз ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды. Сондай-ақ, 55% кәсіптік қабілетін және 50% жалпы еңбекке қабілетін жоғалту анықталды.

Жәбірленушінің өтінішіне татуластыру комиссиясы моральдік зиянды өтеу өтемақы сомасына қосылмағаны туралы жауап берген.

Жәбірленуші кездейсоқ жағдай оның өмір сүру және жұмыс істеу қабілетін айтарлықтай шектеп, ұзақ емделуді қажет ететінін айтып, ЖШС-дан моральдік шығынды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Ер адам мүмкіндігі шектеулі адамдарға тән физикалық және психикалық азапты бастан кешіреді.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-дан жәбірленушінің пайдасына моральдік зиянды өтеу ретінде 5 миллион теңге өндірді.

ЖШС ақылға қонымдылық пен әділдік қағидаттарын, сондай-ақ, оқиға орын алған кезден көп уақыт өткенін алға тартып, өтемақы мөлшерін азайту қажеттігін талап етіп, апелляциялық сатыға шағым түсірген.

АК-ның 952-бабының 2-тармағына сәйкес, моральдік зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде жәбірленушінің субъективті бағасы, зардаптардың ауырлығы және назар аударуға тұрарлық өзге де мән-жайлар ескеріледі.

– Павлодар облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, өтемақы мөлшері негізділік пен әділдік өлшемшарттарына сәйкес келеді деп, бірінші сатыдағы соттың шешімін негізді деп таныды. Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды, – деді ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінде. 

Қаулы заңды күшіне енді.