10 сәуірде Павлодар облысында күн ашық болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең облыстың оңтүстік, батысында тұман түседі.
Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +1...+6, күндіз +18...+23 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +2...+4, күндіз +22...+23 градус болады.