Екібастұзда подъездің ішін не себепті түтін басқаны белгілі болды
«Горэлектросети» ЖШС кезекші топтары трансформаторларды жөндеумен айналысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, қалада электр қуатымен жабдықтау бойынша қиындықтар жоқ.
– Жүктеме екі есеге артқан, – деді Аян Бесекин. – Егер әдеттегі жұмыс кезінде қала 28-30 мегаватт тұтынса, пәтерлер салқын болған күндері тұтыну деңгейі кейде 50-55 мегаваттқа дейін жеткен.
Оның сөзінше, Екібастұздағы барлық трансформаторлар мен қосалқы станцияларға қызмет көрсететін «Горэлектросеть» ЖШС кезекші топтарды құрған. Жеке көпқабатты үйлер қызмет көрсету ұйымдарымен жұмыс істейді.
Облыс әкімі Асайын Байханов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 12 ақпанда Энергетиктер көшесі, 69 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған оқиғадан хабардар екенін айтты. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірін түтін басқаны туралы ақпарат пайда болған.
Аймақ басшысы мен Екібастұз қаласының әкімі, «Горэлектросети» ЖШС басшылығымен бірге аталған мекенжайда болған.
– Сегізінші пәтердің маңында сымдар дұрыс болмаған, – деді аймақ басшысы. – Қате орнатылған сымдарға жүктеменің артуы салдарынан электрмен жабдықтау қалқаны жарқ еткен.
Қалқан дереу жөнделген, қазір жұмыс істеп тұр және күйіктің иісі жоқ.