Екібастұзда постоматтардың бірінде қыстырылып қалған мысық құтқарылды

Екібастұзда постоматтардың бірінде қыстырылып қалған мысық құтқарылды
Фото: pexels.com

Қала тұрғындары жануарды постоматтың ұяшығына қамалып қалған деп дабыл қаққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Екібастұз қаласында бір әйел Kaspi постоматындағы жабық ұяшықтан мысықтың мияулауғанын естіген. Ол дереу Kaspi қолдау қызметіне хабарласып, мамандарға жағдайды тексеруді сұраған. 

Kaspi мамандары дереу оқиға орнына жетіп, барлық ұяшықтарды тексерген. 

–  Алайда мысық ұяшық ішінде емес, құрылғы мен қабырғаның арасындағы тар кеңістікте ұйықтап жатқан. Мамандар абайлап кеңістікті ашқан кезде мысық оянып, қашып кеткен. Қуаныштысы, оның аман-есен екені анықталды, – деді компания өкілдері. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғанан сабақ алып, постомат ұяшықтарын әрқашан жабуды ескертуде.