11 қарашада Павлодар облысында көктайғақ болады

11 қарашада Павлодар облысында көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде күндіз сынап бағанасы 0...+5 °C-ты көрсетеді. Облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодарда ауа температурасы күндіз +1...+3 °C-қа дейін көтеріледі. Бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.