Екібастұзда «RWS KZ» қолдауымен ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда
Соңғы жылдары кеншілер шаһарында ұйымдастырылған ауқымды мәдени, спорттық және білім беру іс-шаралары холдинг пен Павлодар облысы әкімдігінің меморандумы аясында өтіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2024 жылы қол қойылған бұл құжат кәсіпорын тарапынан тек демеушілік көмек көрсетуді ғана емес, сонымен қатар маңызды қалалық іс-шаралардың көпшілігін ұйымдастыруға тікелей қатысуын көздейді.


Солардың бірі – Теміржолшылар күніне арналған мерекелік шара. «RWS KZ» компаниясы бұл мерекені жыл сайын өткізу бастамасын өзі көтеріп, оны ұйымдастыруға қатысты барлық міндетті толықтай өз мойнына алды. Белгілі өнерпаздардың қатысуымен өтетін концерт бүгінде дәстүрге айналды. Егер 2024 жылы мерекелік шараға 15 мыңнан астам адам қатысса, 2025 жылы қонақтар саны 20 мыңнан асты. Бұл мұндай әлеуметтік-мәдени бастамалардың халық арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.


Алайда мерекелік шаралар – «RWS KZ» компаниясының әлеуметтік жобаларының бір бөлігі ғана. Меморандумға сәйкес, кеншілер қаласында компания корпоративтік техникалық колледж салып, балабақша мен тұрғын үй құрылысын жүзеге асырады.