Екібастұзда самокаттың соққысынан екі әйел ауруханаға түсті

Екібастұзда самокаттың соққысынан екі әйел ауруханаға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш тәулікте Павлодар облысының жедел жәрдемі 10 жол апатына шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Дала жолдарындағы шақыртуларға да дәрігерлер хабар түскеннен кейін он минуттан кешікпей жеткен.

20 қыркүйек күні Курчатов – Павлодар тас жолында, Саты мен Абай ауылдарының арасында автокөлік жол жиегіне шығып кеткен. 1978, 1997, 2000 және 2004 жылы туған әйелдер әртүрлі жарақат алып, Май аудандық ауруханасына жеткізілді. 60 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

– Екібастұзда самокат мінген адамның жаяу жүргіншіні қағып кетуі салдарынан 41 және 35 жастағы  екі әйел зардап шекті.  Олар қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Жексенбіде Омбы тас жолында төрт көлік соқтығысты. 1988 және 1989 жылы туған екі әйел омыртқа жарақатын алып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.