Екібастұзда шетелдік азаматтар мұражай құрылысында заңсыз еңбек еткен

Екібастұзда шетелдік азаматтар мұражай құрылысында заңсыз еңбек еткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыс берушілер де жазасыз қалмады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек еткен көрші елдің азаматтарын анықтады. Дәл осындай заңбұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды. 

– Жеті шетелдік азамат аймақ аумағында заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз жүрген. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, яғни жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтіндігі үшін сотқа жіберу  мақсатында әкімшілік материалдар толтырылды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ, оларды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция шетелдік азаматтарға көші-қон режимін бұзбау және тиісті құжаттарды уақытылы ресімдеу жайлы ескертеді.