Екібастұзда суық су болмайды
Тұрғындардан өздерін қажетті сумен қамтамасыз етуді сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
19 қараша күні сағат 9:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін (болжамды уақыт – 17:00), Воскресенский көшесі, 4-үйде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты КТП-Горем-19-дан келесі мекенжайларда суық сумен жабдықтау қызметі тоқтатылады:
- «Аквилон» дүкені;
- 1 Линейный көшесі, 2 «а»-үй;
- Арқалық даңғылы, 1-20-үйлер;
- Торғай даңғылы, 1-20-үйлер;
- Воскресенский даңғылы, 2, 2 «а», 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24-үйлер;
- Железнодорожная көшесі, 40 «а»-үй;
- Абай көшесі, 2, 4, 6, 8, 10, 12-үйлер.
«Горводоканал» МКК қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.